Мектеп химия курсының сандық есептерін шығарудың тиімді тәсілдерін жетілдіру


Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

  • Г.Т. Сарбаева Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • А.А. Аташбек Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Қ.Т. Сарбаева Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

химиялық формула, химиялық теңдеу, алгоритм, оқытудың нәтижелілігі, сандық есеп, логикалық ойлау, теориялық шығым, масса

Аңдатпа

Қазіргі таңда білім беру жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Оның себебі
жаңартылған білім берудің болашағы қоғамның даму жағдайымен, соған лайықты білімнің ғылыми интеграцияға қол жеткізу қажеттілігіне байланысты болып отыр. Интеграция нәтижесінде жоғарғы оқу орындары мен мектептерде білім берудің сапасын жақсартып, оның деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа тиімді технологиясын күнделікті жұмысында қолданатын педагогтардың ғана жұмысы ұтымды болмақ. Осыған орай біздің мақаламыз Еліміздің жоғары оқу орындары мен мектептерінде химия сабағының құрылымдық мазмұнын жетілдіруге, жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының тиімділігін арттыруға бағытталады. Химиялық білім беруде химия есептерін шығару әдістері оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі ретінде оқушылардың білімін тереңдетіп, оқу материалын толық игеруге, өзбетінше жұмыс істеуге тәрбиелейді. Химияны оқытудың бастапқы кезеңінде мұғалім оқушыларға әдетте сапалық есептер мен жаттығуларды орындата отырып, химиялық символиканы, химиялық реакция теңдеулерін құрастыруды, оларды дұрыс жазуды, химиялық құбылыстарды, элементтердің табиғатта таралуы жайлы білімді
игертеді. Оқытудың келесі кезеңдеріне қойылатын негізгі мақсат – оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана алуға, химиялық есептеулерді дербес жүргізе білуге үйрету болып табылады. Химияның сандық есептерін оқушылардың орындай алуы үшін оларда химиялық эрудицияның болуы, химияда қолданылатын негізгі химиялық формулаларды білуі және олармен жұмыс істей алуы, күрделі аралас есептердің шешімін таба білуі шарт.

Жүктеулер

Жарияланды

20.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сарбаева, Г. ., Аташбек, . А. ., & Сарбаева, Қ. . (2023). Мектеп химия курсының сандық есептерін шығарудың тиімді тәсілдерін жетілдіру. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 138(1), 107–115. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1563

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика