Қазақстандағы жалпы білім беру стандарты дамуының шетелдік тәжірибесі


Қаралымдар: 5 / PDF жүктеулері: 2

Авторлар

  • Н. Төлегенұлы Нийде Өмер Халисдемир университеті
  • А.М. Байгалиев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

мектеп, білім беру стандарты, нормативтік құжаттар, білім беру жүйесіндегі басқару, бағдарлама, білім беру, оқу жоспары

Аңдатпа

Мақалада авторлар мектептегі білім беруді стандарттаудың халықаралық
тәжірибесін, Қазақстанда және шетелде, оның ішінде жақын шетелде ғылыми әдебиеттерде баяндалған білім беру стандартын айқындаудың әртүрлі тұжырымдамалары талданып, білім беру стандарты туралы жаңа білімді синтездеуге мүмкіндік береді. Шетелдік және отандық педагогикадағы стандарттау проблемаларына келтірілген талдау білім беру стандарты әлеуметтік-педагогикалық құрылым бола отырып, жалпы орта білім беру жүйесінің құндылық, мазмұндық және процедуралық сипаттамалары
ның даму тенденцияларын көрсетеді деп айтуға негіз береді. Мектептегі білім беру сапасына қойылатын нормалар мен талаптар жүйесін дамыту тұрғысынан Қазақстанда жалпы орта білім беруді стандарттау процесі қаралды. Стандарттау және білім беру сапасын арттыру процестерінің өзара әсері негізделген. Осыған байланысты білім беру стандартын мектептің және жалпы білім беру жүйесінің үздіксіз дамуын жоспарлауға ықпал ететін нәтижелер түрінде білім беру мақсаттарының жүйесін қарастырудың
халықаралық тенденциясы көрсетілген.

Жүктеулер

Жарияланды

20.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Төлегенұлы, Н. ., & Байгалиев, А. . (2023). Қазақстандағы жалпы білім беру стандарты дамуының шетелдік тәжірибесі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 138(1), 508–515. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1603

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика