Ұлттық дәстүрді әлеуметтік институт ретінде ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеу
Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 4
Кілт сөздер:
ұлттық дәстүрлер, әлеуметтік институт, қатынастар, әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер, әдет-ғұрып, үлттық тәрбие, тұрақтылық, өркендеуАңдатпа
Мақалада дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана қоғамдағы әлеуметтік қатынастар түрлерін, қоғамның мәдени деңгейін көрсетумен қатар, тәлімдік-тәрбие талаптарының негізін құрайтын, адамдардың қоғамдасып өмір сүруінің және ұйымдасуының институциональды маңызды факторы екендігі қарастырылған. Әлеуметтік институт - бұл адамдардың қызметін реттеу, әлеуметтік қатынастарды, әлеуметтік заңдар мен әлеуметтік нормаларды стандарттау және бақылау, әлеуметтік ортаға қажеттіліктерді белгілеу
арқылы әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер жүйесін ұтымды ұйымдастыру.
Дәстүрлердің маңызды функциясы-өркендеу мен адамдар арасындағы қатынастардың өзгеруі жағдайындағы тұрақтылықты реттеу. Тұрақтылық болмаса, даму болмайды. Сондықтан дәстүрсіз қоғамдық қатынастарды қалыптастыру, дамыту және өзгерту мүмкін емес. Нәтижесінде, әлеуметтік коммуникацияның әртүрлі элементтері арасында, іс, қарама-қайшылық
және топтың күресі арасында, байланыс болуы мүмкін. Адамның бүкіл рухани әлемі оның адамдармен қарым-қатынасында ғана пайда болады.






