Covid-19 коронавирустық инфекция пандемиясының есірткі ахуалына әсері
Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 5
Кілт сөздер:
нашақорлық, есірткіге бақылау жасау, COVID-19 пандемиясы, есірткі заттардың заңсыз айналымы, есірткі тұтынушыларды медициналық жолмен оңалтуАңдатпа
Әлемдік сипатқа ие болған жаңа коронавирустық инфекцияның пандемиясы барлық қоғамдық қатынастарға әсер етті. Елдердің үкіметтері жүзеге асырған,
оның таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар есірткінің заңсыз айналымының аспектілеріне де әсер етті, бұл процестің өндірістен бастап тұтынуға дейінгі барлық кезеңдерін қозғады. Ғылыми еңбекте COVID-19 коронавирус инфекциясының медициналыққажеттілік мақсатында, есірткі тұтынатын немесе нашақорлыққа шалдыққан деп танылған тұлғаларға дәрігердің тағайындауынсыз медициналық жәрдем көрсету және оларды оңалту үшін қолданылатын бақылаудағы дәрі-дәрмектердің, есірткі және психотроптық дәрілік заттардың қолжетімділігіне, есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы жағдайдың шиеленісуіне ықпалы мен әсері қарастырылады. Мақала авторлары әлемдегі есірткі ахуалын зерттеуге арналған материалдарға, оның ішінде стратегиялық құжаттарға талдау жасады. Атқарылған жұмыс нәтижесінде есірткіні пайдаланатын және есірткіні қолданумен байланысты бұзылулардан зардап шегетін адамдар үшін медициналық және әлеуметтік қызметтерге тиісті қолжетімділіктің барынша үздіксіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қажетті медициналық көмек көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтіледі.






