Копингте және күнделікті өмірдегі проактивтіліктің тұжырымдамалық шолуы: Қазақстанның «проактивті мемлекет» туралы жарлығынан кейінгі перспективалар
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
проактивтілік, копинг, таңдау еркіндігі, жауапкершілік, бастамалықАңдатпа
Стресс Қазақстанның көптеген қалаларының тұрғындарының өмірінде тұрақты құбылыс болганы мәлім. Соңғы жылдары батыс және отандық зерттеушілер стресспен тиімді күресуге болатын ой мен мінез-құлықтағы өзгерістерге көп көңіл бөледі. Проактивтілік стресспен күресу үшін көп үміт күттіретін ұғым болып көрінеді, бірақ қазақстандық билікте бұл терминді «проактивті мемлекет-проактивті азамат» деген жолдаумен қолданғанына қарамастан, Қазақстанда және психология саласында бұл ұғым жеткілікті зерттелмеген. Копинг стратегиялары бүгінгі уақытта стресстің теріс әсерін азайтуға бағытталған, ал проактивті копинг болашақта болжанатын стресстік оқиғаларға дайындалуға және болдырмауға бағытталған. Біздің теориялық шолуымыз проактивтілік ұғымының нақты бірыңғай анықтамасы жоқ
екенін, керісінше бірқатар түсіндірулер бар екенін көрсетті. Проактивтілік туралы әдебиеттерді және оның негізгі концептері мен психологиялық механизмдерін шолу арқылы біз проактивтіліктің негізгі компоненттерін жинақтап және осы ұғымның интеграцияланған тұжырымдарын жасауға тырысамыз: проактивті копингті қолданатын адам әр қадамды жүзеге асыруда жауапкершілік пен табандылықты көрсете отырып, өз іс-әрекетінен асып, оны насихаттайтын бастамашы болып табылады. Проактивтіліктің тұрақты қалыптасқан тұтас тұжырымдамасының болуы оны жүзеге асыруға және болашақ зерттеулерге қосуға мүмкіндік береді.






