Білім беру жүйесіндегі стрестің психологиялык және педагогикалық ерекшеліктері
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
студенттік стресс, депрессия, алаңдаушылық, әлеуметтік қолдау, стресске төзімділік, стресс факторлары, психоэмоциялык сфера, оқудағы стрессАңдатпа
Қазіргі білім беру жүйесі оқу процесіне тигізіп жаткан әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың әсерімен сипатталады, бұл жағдай студенттердің психоэмоциялық күйіне едәуір күш түсіреді.
Көптеген жағдайларда психикалық күйзеліс шамадан тыс эмоциялық стресске әкеледі, бұл жүйке бұзылыстарына және оқу үлгеріміне әсер ететін психосоматикалық аурулардың туындауына себеп болады.
Сондықтан студенттердің қиындықтарды жеңуге үйренуі және жаңа оқу жағдайларына бейімделе алуы маңызды мәселе болып саналады.
Бұл мақалада американдық студенттердің стресстік сипаттамаларын, соның ішінде студенттердің өмір сүру жағдайларын, стресске байланысты денсаулық мәселесі және студенттерге әлеуметтік қолдаудың әсері қарастырылады.
Студенттердегі стресстің көріну ерекшеліктерін талдау үшін келесі міндеттер орындалды: стресстің оқу іс-әрекетіне әсер етуінің теориялық негіздерін зерттеу және стресстік жағдайлардың туындауына негіз болатын факторлардың әсерін аныктайтын эксперименттік зерттеу жүргізу болды.
Зерттеудің жаңалығы американдық студенттерді қазақстандык ғалымдардың зерттеуімен байланысты болып отыр.
Зерттеу нәтижелері студенттердің денсаулығы мен психикалық жағдайының нашарлауына стресстің кері әсерін көрсетті. Студенттерді әлеуметтік қолдау факторларына ата-аналарымен, мұғалімдерімен қарым-қатынасы, психологтың кеңесі көрсетілді.
Зерттеу нәтижелерін мектеп және университет тәжірибесінде пайдалануға болады.
Стресске төзімділікті арттыру үшін физикалық белсенділік, отбасымен, достарымен қарым-қатынас, оң көзқарас, мектеп және университет психологымен кеңесу маңызды болып саналады.
Алдағы уақытта қазақстандық және шетелдік студенттердің стресін салыстырмалы түрде зерттеу қажет деп санаймыз.






