Тұлға дағдарыстарының феноменологиясы мен зерттеу әдістемесі: әлеуметтік көзқарас
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
дағдарыс, жеке тұлғалық дағдарыс, ер азаматтар тәжірибесі, құндылық бағдарлар, мағыналар, ересектік, сапалы әдіснамалар, өмірбаяндық сұхбатАңдатпа
Мақалада қазіргі қоғам жағдайындағы жеке тұлғалық дағдарыстардың барысы туралы мәселе көтеріледі, оның басты сипаттамасы дәстүрлі құндылықтарды жоғалту, дамудың бірыңғай сценарийлерінен бас тарту, өмірлік мақсаттарды таңдаудың нақты өлшемдерінің болмауы. Авторлар ер
азамттарда орта жастағы дағдарыстарды жыныс, құндылықтар, мағыналар, ресурстар, тарихи оқиғалар тұрғысынан талдайды.
Ақпарат берушілердің өмір әлеміне ену үшін өмірбаяндық сұхбат әдісі қолданылды, оны әлеуметтік зерттеу тәжірибесінде сапалы әдістер деп атайды. Авторлар жеке субъекттілерге дағдарыстарын терең қарастыруға, оларды түсінуге және түсіндіруге баса назар аударды. Әдістің маңызды сипаттамасы - бұл респонденттерге (ақпарат берушілерге) өз өмірін түсінуге және құрылымдауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, психодиагностикалық зерттеулердің нәтижелерін пайдалану жеке тұлғалық құбылыс дағдарыстары жағын «қатаң» мәліметтермен толықтыруға мүмкіндік берді.






