Тұлға ассертивтілігін дамытуының рөлі


Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 4

Авторлар

  • А.Н. Калжанова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Кілт сөздер:

ассертивтілік, агрессия, ассертивті мінез-құлық, өзін-өзі бағалау, индивид, тұлға

Аңдатпа

Мақала тұлға ассертивтілігін зерттеу мәселесіне арналған. Мақсаты - осы термин туралы жалпы ақпарат беру және тұлғаның ассертивтілік қабілетінің даму аспектілерін зерттеу.
Мақаланың жаңашылдығы - бұл жұмыста тұлғаның ассертивті мінез-құлқы туралы зерттеулерге түсінік берілуі; тұлғаның ассертивтілігі анықтамасы жайлы кім және қашан ғылыми қолданысқа енгізгені жайлы, ассертивтілік тұжырымдамасының мәні ашылып, тұлғаның ерекшеліктері мен ассертивтілігін анықтау үшін зерттеу жүргізілді.
Қазіргі кезде қоғамның өзекті психологиялық проблемалары болып табылатын ассертивті мінез-құлық туралы шетелдік және отандық зерттеулердің нәтижелері талданып, жинақталған.
Психологиялық тұрғыдан ассертивтіліктің не екенін білуге мүмкіндік береді. Ассертивтілік- тұлғаның өз мүдделерін өзгелердің құқығын бұзбай, абыроймен және сенімділікпен қорғау мүмкіндігі ретінде қарастырылады. Ассертивтілік туа біткен қасиеттен гөрі жинақталған қасиет екенін ескерген жөн. Сондықтан, дұрыс жұмыс жасай отырып, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, белгілі ғалымдардың еңбектерін ескере отырып, ассертивті мінез-құлықты қалыптастыру ережелері жайлы ақпарат мақалада берілген.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Калжанова A. . (2024). Тұлға ассертивтілігін дамытуының рөлі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 136(3), 241–247. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1707

Журналдың саны

Бөлім

Психология