Жасөспірімдердің девиантты мінездерінің типтері, формалары және динамикасы
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
девиант, девиантты мінез-құлық, жасөспірім, психология, әлеуметтану, ауытқушылық, әлеуметтік ауытқу, субъектАңдатпа
Мақалада қазіргі таңда жасөспірімдердің арасында белең алып келе
жатқан девиантты мінез-құлықтың типтері, формалары, динамикасы қарастырылған. Сонымен қатар «Девиант» термині ғылымның қай салаларында кең таралғандығы, ауытқушылық туралы шетелдік зерттеушілердің тұжырымдамалық тәсілдерінің алуан түрлерін бірнеше жетекші теориялық бағыттарға, яғни: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік ғылымдар деп топтастырып айтылған. Жасөспірімдерде кездесетін ауытқудың салалары, дейгейлеріне сипаттама берілген. Жасөспірімнің девиантты мінез-құлқын зерттеу оны халықтың басқа топтарынан бөліп және девиацияның өзіне ғана тән әлеуметтік көрсеткіштерін анықтауды талап етеді. Девиантты жасөспірімдердің сипаттамаларын анықтау кезінде осы жастағы ерекшеліктерді, сондай-ақ қоғамдағы девиацияның жоғары деңгейін тікелей анықтайтын және ұстап
тұратын әлеуметтік өмірдің бірқатар жағдайларын ескеру қажет.






