Білім беру мекемелеріндегі ғылыми-әдістемелік жұмыс мұғалімдердің жеке кәсіби қалыптасуының маңызды жүйесі
Қаралымдар: 16 / PDF жүктеулері: 3
Кілт сөздер:
ғылыми-әдістемелік жұмыс, білім беру мекемелері, мұғалімнің кәсіби қалыптасуы, кәсіби шеберлік, біліктілікті арттыруАңдатпа
Білім беру жүйесіндегі педагогтардың ғылыми-әдістемелік қызметінің басты
мақсаты - инновациялық технологияларды енгізу арқылы техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту. Кәсіптік білім жүйесін игерген маманды келешекте өндірістік – басқарушылық, маркетингтік, ғылыми – зерттеушілік және білім беру салалық қызметі түрлерін атқара алатындай, сонымен қатар жоғары оқу орындарында білімін жалғастырып, кемел келешектің зиялы әлеуеті қатарын толықтыратындай тұлға ретінде қалыптастыру заман талабы. Сондықтан мақалада білім беру мекемелерінде ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері, әдістемелік қызметтің құрылымы, мазмұны мен ұйымдастырылуы, мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттерін жетілдіру, әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формалары мен қағидалары қарастырылған. Заманауи білім беруді модернизациялаудағы
ғылыми-әдістемелік жұмыстың бағыты мен білім беру мекемелерін басқаруда және мұғалімдердің жеке кәсіби қалыптасуындағы маңыздылығы қамтылған.






