Ұлттың мәдени кодын қалыптастырудағы ойыншықтардың маңыздылығы
Қаралымдар: 16 / PDF жүктеулері: 6
Кілт сөздер:
3D пазлы, ұлттық код, сәулет мәдениеті, дәстүрлер, ұлттық қазына, логикаАңдатпа
Мақалада автор ұлттың мәдени кодын талқылап, Қазақстанның сәулет өнерін көрсететін 3D пазлдарын жасау және өндірудің болашақ ұрпаққа тигізетін пайдасы туралы айтқан.
Ойыншық - баланың тұрақты серіктесі. Оны ересек адам баланы үйрету мақсатында арнайы жасайды. Егер қажетті ойыншықтарды жасап, өндіре алған жағдайда, 3D пазлдар арқылы тарихи және заманауи сәулет мәдениетін ойыншықтар арқылы тарих пен ұлттық мәдени тәрбие бере отырып, баланың логикасын, кеңістіктікті ойлау қабілеті мен моторикасын қоса жетілідіруге болатынын айтады.
Сондай-ақ, авторлардың Google Patents жүйесінде балалар ойын өнімдеріне патенттік талдау жүргізгендігі, патент талдауларының қорытындысы жайлы айтылған.
Жасалған сараптаманың нәтижесінде жыл сайынғы Қытайдың патентке сұраныс беруі соңғы 9 жылда үш есе өскендігі дәлелденген. Бұндай көрсеткіштер балалар нарығында қарастырылып отырған өнімнің сұранысы, яғни зияткерлік меншікке берілген сұраныс жоғары екендігін атап айтқан.
Қазақстанның тарихи және қазіргі заманғы сәулет мәдениетімен байланысты 3D пазлдар мен кәдесый өндірісі Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев ұсынған «Рухани жаңғыру», «Архив-2025» мемлекеттік даму бағдарламасын қолдау мақсатында әзірленген, әрі «Атамекен» ашық аспан мұражайына түпкілікті байланысы бар жоба екендігі айтылған.






