Жабық түрдегі тест тапсырмаларын әзірлеу әдістемесі
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
бағдарлама, тестілеу, тест жүйесі, тест тапсырмасы, тестіленуші, тапсырма түрлері, бағалау жүйесі, ҰБТ, ОЖСБ, дистрактор, тапсырма әзірлеу, жабық тест тапсырмасы, В. С. Аванесов, географияАңдатпа
Мақалада еліміздегі бағалау жүйесіндегі тестілеу жүйесінің қолданылуы, оның ішінде, жабық түрдегі тест тапсырмаларының түрлерін қолдану өзектілігі туралы сөз қозғалады. Автор ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған және ұсынылған сегіз жауаптан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты анықтауға арналған тест тапсырмаларының түрлері мен оларды әзірлеу әдістемесіне, ерекшеліктеріне тоқталады. Аталған тапсырма түрлерінің кемшіліктері мен артықшылықтарын саралайды.
Сонымен қатар, жалпы орта білім беру пәндері ішінен география пәні мысалында жабық түрдегі тест тапсырмаларына талдау жасайды. Бірінші кезекте ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған, екінші кезекте ұсынылған сегіз жауаптан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты анықтауға арналған тест тапсырмаларын орындау кезінде тестіленушілердің орындайтын ой операцияларын сипаттайды. Осылайша, автор мақалада ұлттық білім сапасын бағалау жүйесіндегі жабық түрдегі тест тапсырмаларының рөлін тапсырмаларды әзірлеуден бастап тәжірибе түрінде талдай отырып ашады.






