Білім алушының қауіпсіз және жайлы білім беру ортасы


Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • Н.П. Албытова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Кілт сөздер:

даму, орта, әлеуметтік орта, білім беру ортасы, білім беру ортасының құрылымы, білім беру ортасының ерекшелігі

Аңдатпа

Мақалада педагогтардың білім беру ортасында және өзара әрекеттестікте психологиялық қауіпсіздік пен жайлылықты құру және қолдау көрсетуіне байланысты қазіргі заманғы білім беруді дамыту мәселелері қарастырылады. «Білім беру ортасы» ұғымының мәнін анықтаудың ғылыми тәсілдері, білім беру ортасының құрылымы, ерекшелігі мен түрлеріне талдау жасалады.
Білім беру ортасының құрылымын анықтауда автор отандық және шетелдік авторлардың ғылыми зерттеулері мен жарияланымдарына сүйенеді.
Автор қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құру тек теориялық білімді меңгеру нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар оны ұйымдастыру іскерлігін қалыптастыру нәтижесінде мүмкін болатынын атап өтеді. Және жаңаша көзқарас, идеалдар мен құндылықтар жүйесін, адамдардың қауіпсіз мінез-құлық нормалары мен дәстүрлерін, жалпы өмір сүру мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына назар аударылады.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Албытова, Н. . (2024). Білім алушының қауіпсіз және жайлы білім беру ортасы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 130(1), 19–24. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1853

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика