Аутизм синдромды балалардың қоғамға бейімделу мүмкіндіктері және «Асыл Мирас» аутизм орталығының тәжірибесі


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • К.А. Абенова Нархоз Университеті
  • Г.Е. Амирбекова Әл-Фараби атыңдағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

аутизм, әлеуметтік бейімделуі, сенсорлық интеграция, қазақстандық тәжірибе, «Асыл Мирас»

Аңдатпа

«Аутизм синдромды балалардың қоғамға бейімделу мүмкіндіктері және «Асыл Мирас» аутизм орталығының тәжірибесі» мақаласында әлеуметтік жұмыстың ең өзекті мәселелерінің бірі – аутизм диагнозы қойылған балалардың қоғамға бейімделу үдерсіне арналған әлеуметтік технологияның қолжетімді әдістерімен қамтамасыз ету қарастырылады. Қоғамда көп айтыла бермейтін дерттің түрі болып табылатын аутизм - ми жұмыстарының бұзылғанынан туатын ауру. Осы мәселені зерттеген көптеген ғалымдар бұл
дерттің 300-ге жуық себебін көрсетіп отыр. Бірақ бірде-бір дәлме-дәл келетін тұжырым аз.
Мақалада көптеген зерттеушілер аутизм бала анасының құрсағында болған кезде немесе туа салысымен миының дамуында кінәраттың болуы, мидың бір жағы өте жақсы жұмыс істесе, екінші жақ бөлшегінің нашар дамығандығы, хромосомиялық өзгерістер мен зат алмасудың бұзылуы, гендік деңгейдегі өзгерістердің болуынан болатындығын анықтап отыр.
Бүкіләлемдік проблемаға айналып отырған аутизм мәселесінен Қазақстан қоғамы да тысқары емес.
Елімізде қатты қарқындылықпен өсіп жатқан аутист балаларды (2004 жылы 77 бала болса, 2018 жылы 3880 бала) қоғамға кіріктіру, оларға өмір сүру машықтарын игерту, сонымен қатар іспен шұғылдануға икемдеу, оған сай әлеуметтік технологиялар әзірлеудегі «Асыл Мирас» аутизм орталығында жүргізілген тәжірибенің нәтижелері көрсетілді.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Абенова, К. ., & Амирбекова, Г. (2024). Аутизм синдромды балалардың қоғамға бейімделу мүмкіндіктері және «Асыл Мирас» аутизм орталығының тәжірибесі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 130(1), 148–158. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1870

Журналдың саны

Бөлім

Психология