«Perceived Social Support Scale» сауалнамасын бейімдеу: ішкі келісімділік және факторлық талдау


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • А.С. Мустафина Әл-Фараби атыңдағы Қазақ ұлттық университеті
  • С.А. Амитов Әл-Фараби атыңдағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

назар тапшылығы және гипербелсенділік синдромы, әлеуметтік қолдау, қолдау түрлері, қолдау ресурстары, ішкі келісім, факторлық талдау

Аңдатпа

Гипербелсенділік және зейін жетіспеушілік синдромы (ГЗЖС) балалардың академиялық және әлеуметтік қиындықтарын тудырады. ГЗЖС отбасы өмірінің сапасына әсер етеді және оның әлеуметтік қолдауына қажеттілігін арттырады. Әлеуметтік қолдауды бағалау құралдары осы отбасылармен әлеуметтік жұмыстың тиімділігін едәуір арттыра алады. Perceived Social Support Scale (Lai-Chong Ma) ГЗЖС-мен балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға қабылданатын және күтілетін әлеуметтік қолдауды өлшейтін сауалнама болып табылады. Біздің зерттеуіміздің мақсаты-психометрикалық қасиеттерді, атап айтқанда, Қазақстанның әлеуметтік-мәдени жағдайында берілген сауалнаманың ішкі келісімділігі мен факторлық струрктурасын
бейімдеу және өлшеу. Клиникалық диагностикалық ГЗЖС бар балалардың 21 ата-анасының қатысуымен эмпирикалық зерттеу жүргізілді. Әр ата-ана сауалнама бланкісін және социодемографиялық деректерді жинауға арналған сауалнаманы толтырды. Нәтижелер барлық сауалнаманың жеткілікті ішкі келісімділігін және оның шкаласын көрсетті. Анықталған факторлық құрылым автордың теориялық тұжырымдамасына сәйкес келеді. Бұл сауалнаманың ГЗЖС бар балалардың отбасыларымен әлеуметтік жұмыстың тиімділігін арттыру үшін практикалық маңызы бар.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мустафина, А. ., & Амитов, С. . (2024). «Perceived Social Support Scale» сауалнамасын бейімдеу: ішкі келісімділік және факторлық талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 130(1), 206–215. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1876

Журналдың саны

Бөлім

Әлеуметтану