Әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы: қазақстандық аспект
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
жетімдік, әлеуметтік саясат, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік орта, әлеуметтік адаптация, профилактикаАңдатпа
Зерттеуде қазіргі қоғамдағы жетім балаларды әлеуметтік қорғау институтының жағдайы мен болашақ дамуын және Қазақстандағы жетім балаларды әлеуметтік қорғау жүйесін талдау қарастрылған.
Сонымен қатар, қазіргі заманғы реформалар жағдайында әлеуметтік институционалдық аспектілердің қолдану қызметі мен даму жүйесіне ерекше назар аударылады.
Авторлар балалар үйінің қазіргі Қазақстандағы ерекшеліктерін және негізгі әлеуметтік мазмұнын анықтауға, жетімдердің жағымсыз әлеуметтік салдарларына қарсы тұру проблемаларын шешудегі жетімдерді
әлеуметтік қорғау институтының орны мен рөлін көрсете білген. Жетім балаларды әлеуметтік қорғау жүйесіндегі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың функцияларын және жетім балаларды әлеуметтік бейімдеу
және әлеуметтік интеграция процестерін жеңілдететін әлеуметтік қорғаудың перспективті тетіктерін қарастырған.
Осы орайда, ата-ана қамқорлығынсыз қалған тыс қалған балалар тәрбиеленетін және білім алатын әлеуметтік ортаның ерекшеліктерімен байланысты жетім балалардың әлеуметтік әлжуаздығын ескере отырып, әлеуметтік қорғау жүйесі тек балаларды қамқорлыққа алу ғана емес, сонымен қатар жетім балаларды табысты әлеуметтік бейімдеу үшін барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталуы тиіс. Демек, профилактика әлеуметтік жетімдікті еңсерудің маңызды шараларының бірі болып табылады.






