Инновациялық білім берудегі оқыту технологияларының маңызы
Қаралымдар: 12 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
білім беру, ресурстар, идентификация, трансформация, технология, контекст, кәсіби инновациялық әлеуетАңдатпа
Қазіргі таңда ЖОО-да инновациялық және интерактивтік әдістемелерді сабақ
барысында пайдалану, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Сондықтан қазіргі заманғы оқыту технологиялар әрбір студенттің білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер берумен қатар, студенттердің жеке қасиеттерін сипаттауды қалыптастырады.
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі болып табылады. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі — оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикадағы оқыту технологияларын меңгерту. Соңғы кездері білім беру жүйесінде
инновациялық технологияларды кеңінен қолдана отырып, студенттерге өзіндік және топпен бірлесе жұмыс жасауды үйретеді. ЖОО-дарында инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып,
оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Болашақ жас мамандарымыз білім берудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін инновациялық-педагогикалық технологияны меңгерсе, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог, зерттеуші, жаңаша мұғалім болып шығады.






