Психологиялық даярлық – ғылыми таным объектісі


Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 2

Авторлар

  • А.С. Орынбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • Г.Ж. Меңлібекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Кілт сөздер:

психологиялық даярлық, кәсіби іс-әрекет, тұлғалық іс-әрекет, психикалық күй, функционалды күй

Аңдатпа

Мақала заманауи еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жан-жақты құзіретті
әлеуметтік және кәсіби тұрғыдан даярланған мамандар дайындаудың өзекті мәселелеріне арналған.
Мақалада «психологиялық даярлық» ұғымына терең теориялық талдау жасалған. Даярлықты
зерделейтін авторлық тұжырымдамалардың бағыттары анықталған. «Психологиялық даярлық»
ұғымының ғылыми таным объектісі ретіндегі зерттелуінің теориялық аспектілері қарастырылған.
«Психологиялық даярлық» ұғымын теориялық ілім ретінде зерделеген ХХ ғасырдың ортасынан
бастап қазіргі күнге дейінгі жарияланған іргелі еңбектерді, философиялық, психологиялық,
педагогикалық ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде теориялық және әдіснамалық жағынан
салыстырмалы сипаттама берілген.
«Психологиялық даярлық» анықтамаларының терең талдануы болашақ әлеуметтік
педагогтардың кәсіби іс-әрекетке психологиялық даярлығын қалыптастыруды ғылыми тұрғыда
негіздеудің алғышартын құрайды.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Орынбекова, А. ., & Меңлібекова, Г. . (2024). Психологиялық даярлық – ғылыми таным объектісі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 126(1), 111–116. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1951

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика

Most read articles by the same author(s)