Студенттердің оқу және оқудан тыс зерттеу жұмыстарының интеграциялаудың ерекшеліктері: ғылыми-бағдарланған тәсілдеме


Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • В.А. Бурмистрова Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
  • М.С. Исатаева Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Кілт сөздер:

ғылыми-бағдарланған оқыту; студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы; студенттердің оқу зерттеу жұмысы; студенттердің оқудан тыс зерттеу жұмысы; ғылыми-зерттеу білімдері; іскерлік пен дағды; зерттеу құзіреттері

Аңдатпа

Мақалада ғылыми-бағдарланған оқытудың бірыңғай тәсілдеме шеңберінде студенттердің
оқу және оқудан тыс зерттеу жұмыстары қарастырылған.
Осы саладағы отандық және шетелдік зерттеушілердің психологиялық-педагогикалық көзқарастарына
талдау жүргізе отырып, мақала авторлары қазіргі ғылыми теория мен практикада “студенттердің ғылыми зерттеу қызметі” және “студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы” ұғымдары туралы бірыңғай пікір жоқ деген қорытындыға келді, олардың ғылыми педагогикалық теориядағы қосарлас айналымын синонимикалық ұғымдары ретінде де, өздерінің ерекше сипаттамалары бар ұғымдар ретінде де атап өтті. Соңғы ереже мақала авторларына “студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы” деген ұғымды студенттердің ғылыми-зерттеу білімін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруда бейнелейтін аспект ретінде толығымен көрсетуге мүмкіндік берді.
Студенттердің зерттеу жұмыстарының түрлеріне тоқтала отырып, зерттеу авторлары бірқатар
ғалымдардан кейін студенттердің оқу және оқудан тыс ғылыми-зерттеу жұмыстарын ажырату қажет, олардың әрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар деген пікір ұстанады. Осы артықшылықтар мен кемшіліктерді бағалай отырып, мақаланың авторлары зерттеушінің құзыреттілігін дамытуға бағытталған, ғылыми-бағдарланған оқытудың бірыңғай көзқарасы шеңберінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары түрлерінің элементтерін біріктіру қажет деген тұжырым жасайды.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бурмистрова, В. ., & Исатаева, М. . (2024). Студенттердің оқу және оқудан тыс зерттеу жұмыстарының интеграциялаудың ерекшеліктері: ғылыми-бағдарланған тәсілдеме. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 125(4), 38–46. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1966

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика