Информатика курсында экономикалық есептерді модельдеуге оқыту технологиясы
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
оқыту технологиясы, білім, модельдеу, экономикалық тапсырмалар, ExcelАңдатпа
Қазіргі таңда Қазақстандық білім беруді жаңғыртудың басты бағыты оның жаңа сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары мектептегі білім берудегі ең маңызды проблемалардың бірі – ынталандыру мәселесі. Модельдеуге оқыту және оны информатика курсында қолдану пәнді зерделеуді шынайы өмірге жақындастыруға, өмірлік процестерді зерттеуге, сондай-ақ оның қолданбалы мәнін көруге көмектеседі, яғни білім беру мақсатына қол жеткізуге – адамның қоғамдағы болашақ іс-әрекеттерге дайындалуына ықпал етеді. Қазіргі уақытта сандық ақпаратты салыстырмалы түрде жеңіл өңдеуге, экономикалық есептерді модельдеу үшін іс жүзінде баламасыз құрал ретінде Excel кестелік
процессоры пайдаланылады. Бұл мақаланың мақсаты «Excel ортасында экономикалық
есептерді модельдеу» тақырыбындағы әдістемелік материалды әзірлеудің ерекшеліктерін
көрсету.
Мақалада біз келесі зерттеу әдістерін пайдаландық: мерзімді басылымдарда ғылыми, әдістемелік әдебиеттер мен жарияланымдарды талдау, оқытушылардың жинақталған педагогикалық тәжірибесін қорыту және жүйелеу, эксперименттік зерттеу әдістері, сонымен бірге ҚР мектептерінде өтіп жатқан оқу барысын бақылау.






