Көлемді ашық онлайн курстарының (MOOC) жоғарғы білім беру жүйесіне ықпалы
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
Көлемді ашық онлайн курстар, MOOC, Udacity, Coursera, edX, жоғарғы білім беру жүйесіАңдатпа
Ашық білім беру тұжырымдамасының дамуы көлемді ашық онлайн курстардың (MOOC) пайда болуына жол ашты. Батыс елдері жаңа инновациялық әдістерді пайдаланып, көлемді ашық онлайн курстардың арнайы платформаларын құруға белсене қатысуда және көлемді ашық онлайн курстар арқылы жоғарғы білім беру жүйесіне түбегейлі реформа жасауға әрекеттенуде. Осы мәселеге терең үңіліп, мақала көлемді ашық онлайн курстарының жоғарғы білім беру жүйесіне қалай ықпал ететіні және оның жоғарғы білім беру саласына қандай мүмкіндіктер мен жаңашылдықтар алып келетіні туралы сараптама жасауды басты мақсаты санады. Осы мақсатқа сәйкес мақала көлемді ашық онлайн курс тарихына шолу жасады, оның ерекшеліктерін талдады, әлемге ең әйгілі Udacity, Coursera, edX тәрізді көлемді ашық онлайн курс платформаларына салыстырмалы сараптама жасады, соңында көлемді ашық онлайн курстардың Қазақстанның жоғарғы білім беру жүйесіне ықпалын талқылдады, оның еліміз үшін маңызы туралы мәселелер қарастырды.






