Біліктілікті арттыру жүйесінде тұлғаның өзін-өзі дамытуының кейбір мәселелері
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
Біліктілікті арттыру жүйесі, өзін-өзі дамыту, «Blended learning» аралас оқу режимі, фасилитация, фасилитациялау алгоритмі, идентификацияАңдатпа
Біліктілікті арттыру жүйесінің параметрлеріне сай білім алушылардың қазіргі жаңа сипаттағы курстық қызметтерді ұйымдастыруы өзекті мәселелердің бірі. Бұл жүйе бойынша тұлғаның өзін-өзі дамытуы жайлы әрекеттерді ұйымдастырудың мүмкіндігі мол. Бүгінгі таңдағы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды аралас оқу режимі арқылы ұйымдастыру – «Blended learning» қолайлы жағдай туғызатындығы және оның өткізілу кезеңдері қамтылды. Бұл форматты қолдану біліктілікті арттыру жүйесінде халықаралық деңгейде әрекеттесудің құралдарын, формаларын табудың бастамасы бола алады. Тұлғаның өзін-өзі дамытуы, оның құрамдас бөліктері фасилитация, идентификация қызметтері атқарылуы шартты жағдай. Сондықтан біз тұлғаның өзін-өзі дамытуының құрамдас бөлшегі фасилитациялау – қазіргі біліктілікті арттыру жүйесінің
негізгі ұстанымдарының бірі екендігін айта келе, фасилитация алгоритмін ұсынып отырмыз.






