Орта мектеп оқушыларының өтірікке бейімділігінің ерекшеліктері мен көріністері


Қаралымдар: 13 / PDF жүктеулері: 4

Авторлар

  • Э. Төлеген Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Т.А. Морозова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Т.С. Мартыненко М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу ұлттық университеті

Кілт сөздер:

фальсеоинтеракция, жалғандық және шындық, фальсеоинтеракция

Аңдатпа

Бұл мақала орта білім беру саласындағы оқушылардың фальсеоинтеракциясы мәселелеріне арналған. Мақалада «фальсеоинтеракция»терминіне ғылыми талдау жасалды. Фальсеоинтракция-бұл екі актердің де өтірік (жалғандық, алдау) білуімен және сол өтірікті шындық үшін бір уақытта қабылдауымен (немесе қабылдауға еліктеумен) сипатталатын ерекше түрдегі өзара әрекеттесу.

Мақаланың негізгі мақсаты-орта білім беру студенттері арасында, атап айтқанда 5-9 сынып оқушылары арасында шынайы және жалған ақпарат арасындағы байланысты түсіндіру және соңғы жылдары жарияланған арнайы зерттеулер мен ғылыми мақалалар негізінде осы мәселенің өзектілігін анықтау. Жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас жасөспірімдердің әлеуметтік қатынаста- ры мен бейімделуіне әсер ету, ашу және құпияны зерттейтін бірнеше зерттеулердің тақырыбы болды. Жасөспірімдердің алдауына аз көңіл бөлінді. Өтірік - ата-аналар, дәрігерлер мен мамандар үшін жиі кездесетін мәселе болса да, балалардың проблемалық мінез-құлқына, сондай-ақ осы байланысқа әсер етуі мүмкін басқа да әлеуметтік факторларға байланысты өтіріктерді жүйелі түрде зерттеу іс жүзінде жүргізілмеді. Жасөспірім кезінде оларды түсіне білу, шындықтарын біле тұра « жаза» алмау өте қиын. Бұл қоғамдағы үлкен проблема. Және ешқандай жағдайда балаларға өтіріктің нәтижелерін пайдалануға мүмкіндік берілмейді.

Жүктеулер

Жарияланды

17.12.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Төлеген, Э. ., Морозова, Т. ., & Мартыненко, Т. (2021). Орта мектеп оқушыларының өтірікке бейімділігінің ерекшеліктері мен көріністері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 137(4), 464–474. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1461

Журналдың саны

Бөлім

Әлеуметтану