Мәдени интеллект мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттіліктің компоненті ретіндегі анализі
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
мəдениетаралық қарым-қатынас, мəдени интеллект, жаһандану, психологиялық теориялар, мəдени интеллект компоненттері, ғылыми деректер базасыАңдатпа
Мақала мəдениетаралық қарым-қатынаста ерекше орын алатын, мəдени
етаралық коммуникативтік құзыреттіліктің компоненті мəдени интеллект қарастырылған. Мəдениетаралық байланыс қарым-қатынастың əртүрлі бағыттары мен формаларын қамтитын күрделі құбылыс, ал мəдени интеллект жаңа ортаға немесе мəдениетке бейімделуге, тиімді өзара əрекеттесуге мүмкіндік беретін интеллекттің бір түрі болып табылады. Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты мəдениетаралық коммуникативтік құзыреттілікті шетел тілі сабағында қалыптастыру. Зерттеу жұмысында К.Эрли мен С.Ангтың мəдени интеллект шкаласының орыс тілінде бейімделу əдістемесі қолданылды. Мəдени интеллект шкаласы Google forms -та құрастырылған онлайн тест ретінде қазақ жəне орыс тілдерінде жүргізілді. Жүргізілген анықтаушы жəне қалыптастырушы эксперименттік жұмыстардың нəтижелеріндегі айырмашылықтар мен мəдени интеллектті игерудің маңыздылығы мақалада көрсетілген.






