Арнайы педагогтарды жаңа өзгерістерге кәсіби даярлау сұрақтары

Арнайы педагогтарды жаңа өзгерістерге кәсіби даярлау сұрақтары


Қаралымдар: 24 / PDF жүктеулері: 12

Авторлар

  • Г.С. Оразаева Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

кәсіби дайындық, арнайы педагогтар, құзыреттіліктер, құзіреттілікке негізделген әдіс, инклюзивті көзқарас, зерттеуге негізделген оқыту, тәжірибеге бағытталған тәсіл

Аңдатпа

Бұл мақалада жоғары білім беру жүйесінде арнайы педагогтарды кәсіби даярлаудың жаңа тәсілдері қарастырылып, негізгі халықаралық тенденциялар жағдайында қазақстандық жоғары білімді жаңғыртудың негізгі бағыттары сипатталған, оның ішінде «Білім сапасын қолдау жүйесін құру (өнімділікті қолдау)»; «Жұмыс берушілердің ЖОО-ның білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысуы және олардың дамуын бақылау» (ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес) т.б.
Бүгінгі таңда арнайы педагогтарды кәсіби даярлау мәселесін автор заманауи университеттің миссиясы тұрғысынан талдап: озық әлемдік тәжірибе негізінде адами капиталды қалыптастыруға үлес қосу; инновациялық идеяларды тарататын зиялы көшбасшыларды дайындайтын инновациялық ғылыми-білім беру орталығы болу керектігін ашып айтты.
Сондай-ақ мақалада арнайы педагогтарды университеттік даярлаудың мақсаттарын, мазмұнын, әдістерін, нысандары мен құралдарын жаңартудың негізгі бағыттары қамтылған және жаңа формациядағы арнайы педагогты даярлауда жаңашылдық, бүгінгі күннің талабына сай әр салада жұмыс істей алатын, қоғамның әлеуметтік тапсырысына жауап бере алатын әртүрлі санаттағы балалармен жұмыс жасай алатын педагог құзіреттілігін қарастырды.
Автор мақаланың мәтінінде университеттік білім беруді жаңғырту және оны халықаралық стандарттарға толық сәйкес келтіру жағдайында қазақстандық педагогикалық жоғары оқу орындарында арнайы педагогтардың кәсіби даярлығын ұзақ және мақсатты түрде зерделеудің нәтижелерін көрсетті.

Жүктеулер

Жарияланды

13.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Оразаева, Г. . (2023). Арнайы педагогтарды жаңа өзгерістерге кәсіби даярлау сұрақтары : Арнайы педагогтарды жаңа өзгерістерге кәсіби даярлау сұрақтары . Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 140(3), 413–424. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1506

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика