Оқу платформасында IoT технологияларын пайдалануды үйретудің әдістемелік алгоритмі
Қаралымдар: 14 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
IoT (Internet of Things), білім, платформа, оқыту бағдарламасы, білім беру платформа сы, оқыту әдістемесіАңдатпа
Бүгінгі таңда заттар интернеті (IoT) технологиялары қоғам өмірінің барлық салалары
на қарқынды түрде енгізілуде. Түрлі құрылғыларды белсенді пайдалану, өмірімізді жеңілдетуде. Қазақстанның IoT нарығы белгілі бір дәрежеде республикада он жылдан астам уақыт бойы белсенді дамып келе жатқан технологиялық шешімдердің мұрагері болып табылады. Құрылғыларды жетілдіру оларды естуге, көруге, ойлауға және кейде әрекет етуге мүмкіндік береді. Үйлестірілген және тиімді жұмыс істеуі, құрылғылар тез шешім қабылдауы үшін бір-бірімен мүмкіндігінше дұрыс өзара әрекеттесуі керек. IoT дамып, таралған сайын, қазіргі әлемнің құрылымына айтарлықтай әсер етуде және біздің өміріміздің барлық салаларына әсерін тигізуде, олардың бірі-білім беру саласы. Бүгінде бұл технологияның дамуымен осы салада арнайы курстар енгізіле бастады. Осылайша, университеттерде оқытудың дәстүрлі моделі өзгеруде. Бұл мақалада заманауи IoT технологияларын қолдана отырып, әртүрлі білім беру платформаларын талдау ұсынылған.






