Жазылым әрекетін меңгертуде жаттығу жұмыстарын қолданудың тиімділігі
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
тілдік қатынас, қолжазба, теру сауаттылығы, жазбаша тіл, жазылым, жазу жаттығулары, тіл белсенділіктеріАңдатпа
Қазіргі білім жүйесінде адамзаттың ой бөлісу, сөйлесу, пікір алмасу процестерін жаңа
арнаға салған лингвистика тілдік коммуникацияны экстралингвистикалық және интралингвистикалық факторлардың әсерінен жан-жақты зерттеп-тануға бет бұрды. Тілдік коммуникация құбылысы адамзаттың түсінісу, пікірлесу амалы ғана емес, қоғамдық-әлеуметтік ортаның, адамның дүниетанымының да құралы болып табылады. Мұндай күрделі үдеріс тіл арқылы көрініс табады. Мақалада жазылым әрекетін меңгертуде жаттығу жұмыстарын қолданудың тиімділігі қарастырылады.






