Көп бейінді бағдар: ағылшын тілі сабағында бейне жазбаларды қолданудың оқушылардың бейіндік ерекшеліктеріне әсері


Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 2

Авторлар

  • А.К. Мейрбеков Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Ж.М. Керімбай Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

бейне, мультимодальдық, аудиовизуалды әдіс, 6-7-сынып, ағылшын тілі, бейімделген оқыту жүйесі, тиімді әдіс

Аңдатпа

Бұл мақала Қазақстандағы орта мектеп оқушыларын (6-7 сыныптар) аудиовизуалды ресурстар арқылы ағылшын тілін оқытуға бағытталған. Зерттеу жұмысы келесі мақсаттарға қол жеткізуге негізделген: оқытушылардың білім алушылар тарапынан аудиовизуалды материалдарды игеруге деген талаптарын қанағаттандыру ниетін бағалау. Зерттеуші жүргізген сауалнама мен талдау арқылы мәліметтер пайыздық есептелініп, параметрлік емес статистикалық әдістерді қолдана отырып жиналды, жүйеленді және талданды. Бұл зерттеуде саралаудың негізгі элементі ретінде оқушылардың қабылдау бағытына мультимодальдық тәсілді енгізудің әсері эксперименталды түрде зерттелді. 6-7 сынып оқушылары (N=118) онлайн-сауалнамаға қатысып, мультимодальды бейіннің шынайылығын анықтау үшін бір өлшемді талдау жүргізді. Пирсонның корреляциялық талдауы Қазақстандағы ағылшын тілі оқытушыларының ықшамды оқыту жүйесіне қатынасын анықтады. Қатысушылар (N=31) көп бейінділікті енгізу мен әртүрлі режимдер арасындағы байланысты көру үшін корреляциялық зерттеуге қатысты. Зерттеудің екінші бағыты мазмұнды талдау арқылы анықталды. Бұл әдіс арқылы цифрландыру арқылы ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытуды жобалау тұжырымдамасын, оқыту стилі мен оқу бейінінің арасындағы
айырмашылықтын, мультимедиялық қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

20.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мейрбеков A. ., & Керімбай Z. . (2023). Көп бейінді бағдар: ағылшын тілі сабағында бейне жазбаларды қолданудың оқушылардың бейіндік ерекшеліктеріне әсері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 138(1), 494–507. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1602

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика