Волонтерлық іс-әрекет: шетелдік және қазақстандық тәжірибе


Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • А.Б. Әзимбек Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • Т.С. Сламбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Кілт сөздер:

волонтерлық, асар, азаматтық қоғам, әлеуметтік көмек, әлеуметтік қолдау

Аңдатпа

Мақалада теориялық және эмпирикалық талдау негізінде еріктілер қозғалысының қазақстандық және шетелдік тәжірибесі қарастырылып, Қазақстан Республикасында ұйымдастырудың заманауи мәселелері сипатталады, жастардың еріктілікке қатынасы және оны одан әрі дамыту перспективалары анықталады. Волонтерлық іс-әрекеттің пайда болу тарихы, даму тенденциялары, құқықтық реттеу, халықаралық волонтерлік ұйымдарының қызметі, шетелдегі волонтерлік феномені қарастырылды.
Дүниежүзілік заңнамалық құжаттарды талқылау арқылы волонтерлық іс-әрекеттің дүниежүзіндегі, еліміздегі рөлі мен орны көрсетілді. БҰҰ мен ЮНЕСКО дүниежүзілік ұйымдары аясында ұйымдастырылған еріктіліер ұйымдарының қызметі талданды.
Еліміздегі аталған қозғалыстың пайда болуы мен дамуының бастамасы ретінде «Асар» ұғымының мәні ашылып, даму кезеңдері көрсетіледі.
Зерттеу барысында теориялық, эмпирикалық (сауалнама, анкета) әдістері қолданылып, нәтижелері контент анализ арқылы анықталды. Нәтижелер талданып, түсініктеме берілді.

Жүктеулер

Жарияланды

17.12.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Әзимбек, А. ., & Сламбекова, Т. . (2021). Волонтерлық іс-әрекет: шетелдік және қазақстандық тәжірибе. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 137(4), 176–183. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1641

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика