Виртуалды форсайт-зертхана-гуманитарлық бейінде хаб құрудың қазақстандық тәжірибесі
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
жұмысқа орналасу, форсайт, форсайт зертхана, хаб, партисипация, стейкхолдерлерАңдатпа
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде виртуалды форсайт-зертхана құру гуманитарлық саладағы білім беру бағдарламаларын жаңғырту үдерісіне стейколдерлерді тарту жұмысынын күшеюіне алып келді. Мақалада форсайт технологиясы тұрғысынан гуманитарлық саладағы жоғары оқу орны түлектерінің жұмысқа орналасуына талдау жасау, осы жұмысқа орналасу процесіне стейкхолдерлерді тарту құралы ретінде ВФЛ құру қарастырылады. Виртуалды форсайт-зертхана-заманауи білім беруді жаңғырту процесінің барлық қатысушылары үшін цифрлық хабты дамыту құралы және тәсіл-амал ретінде қарастырылады. Стейкхолдерлердің
қашықтан қатысу тәжірибесі Қостанай облысының 124 стейкхолдері арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде негізделген. Сұрақтар стейкхолдерлерді білім беру бағдарламаларын жаңғырту процесіне бірлесіп тарту қажеттілігіне қатысты болды. Оң ішкі мотивация Қостанай облысының стейкхолдерлерімен сұхбат негізінде анықталды. Мақалада виртуалды форсайт-зертхана архитектурасын әзірлеу процестері, оның құрамы, болашақ карталарын пайдалану перспективалары (онжылдықтағы процестерді болжауға бағытталған), гуманитарлық сала мамандарының мета-құзыреттерін дамытуға одан әрі бірлесіп қатысуға арналған тақырыптық аймақтар қарастырылады. Алдын ала нәтижелер кез келген
гуманитарлық саладағы маманның жаңартылған имиджін қалыптастыру процесіне белсенді қатысуын ынталандыру үшін стейкхолдерлер үшін тұрақты хабтың болу қажеттілігін көрсетеді.






