Университеттерде ағылшын тілінен сабақ беруде подкасттарды қолдану


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • А.Н. Нысанбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • Д.К. Курманаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Кілт сөздер:

подкасттар, инновациялар, ағылшын тілі, университет, ақпараттық технологиялар, мотивация

Аңдатпа

Педагогикалық ғылым мен практика білім беруді жаңғырту міндеттерін шешуге, шет тілдерді кәсіби даярлау сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған шет тілін оқыту әдістері мен түрлерін жетілдіру проблемасын шешеді. Зерттеудің мақсаты – ағылшын тіліне оқытудың инновациялық
құралдарының бірі ретінде подкасттарды пайдалану мүмкіндігін меңгеру. Зерттеудің міндеті – ағылшын тіліне оқытуда подкасттардың дидактикалық мүмкіндіктерін теориялық дәлелдеу және эксперименттік тексеру. Тарихы. Ағылшын тіліне оқыту кезінде подкасттарды пайдалануды ғалымдар 2005 жылдан бері зерттеп келеді, сол уақыт аралығында ауқымды дидактикалық тәжірибе жинақталды. Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиетті талдау және жинақтау, бақылау, тестілеу, педагогикалық эксперимент. Нәтижелері. Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиетті талдау «подкаст» ұғымына айқындама беруге; подкасттардың танымалдығын айқындайтын факторларды бөлуге; подкасттардың дидактикалық әлеуетін: түпнұсқалылығын, көп функционалдылығын, медиақұзыреттілігін, қабылдаудың көп арналығын, интерактивтілігін, мотивациясын, жеке сипаттамаларға сәйкестігін ашуға мүмкіндік берді. Автор жүргізген эксперимент ағылшын тіліне оқыту кезінде подкасттарды пайдалану тиімділігін дәлелдеді. Тұжырымдар. Подкасттар шын мәнінде университетте ағылшын тіліне оқытудың инновациялық құралы болып табылады, өйткені олар тілдік қызметтің әртүрлі типтерінде тілдік және
сөйлеу дағдыларын қалыптастырады (тыңдалым, оқылым, жазылым, ауызша сөйлеу).

Жүктеулер

Жарияланды

17.12.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нысанбаева A. ., & Курманаева D. . (2021). Университеттерде ағылшын тілінен сабақ беруде подкасттарды қолдану. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 137(4), 302–309. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1665

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика