Қазақстан Республикасының төтенше жағдайы кезінде жастардың әзіл сезімі әлеуметтік және эмоциялық зиятының бейімделгіш копинг-конструкциясы ретінде
Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 3
Кілт сөздер:
эмоциялық интеллект, әзіл сезімі, әлеуметтік интеллект, күрделі құрылым, жастар, эмоциялық интеллект, әзіл сезімі, әлеуметтік интеллект, күрделі құрылым, жастарАңдатпа
Мақалада әзілкештік қабілеттің әлеуметтік ролі индивидуум жастардың кризистік жағдайда эмоционалдық кикілжіңді жеңе білу құралы ретінде қарастырылған. Орын алған төтенше жағдай шарттарында халықтың үрейлі көңіл-күйі мен күйзеліс күйі байқалғанын атап айтқан жөн. Авторлар
қазақстандық жастар арасында айқындаушы зерттеу жүргізді. Жастар өте мобильді категория ретінде респонденттер болып таңдалды, ал пандемия алғашқы әлеуметтік сын-қатерге айналды, өз кезегінде, жастардың эмоционалдық және әлеуметтік интеллекттері үнемі даму үстінде болады. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимін енгізген мерзімде жастардың әзілкештік қабілеті эмоционалдық және әлеуметтік интеллекттердің адаптивті құрылымы болады деп болжам жасалды. Сауалнамаға еліміздің 17 өңірінен 881 адам қатысты. Талдау барысында респонденттердің 84,3% әзілкештік қабілеті шиеленісті жеңілдетудің тиімді жолы деп көрсетті. Төтенше жағдай сценарийінің ушығуы кезінде әзілдің әлеуметтік құндылығы анықталды. Мақалада төтенше жағдай кезіндегі копинг-стратегиясының көрінісі мен іске асырылуы жастардың әлеуметтік және эмоционалдық интеллекттерінің жеткілікті немесе жеткіліксіз даму деңгейінің көрсеткіші ретінде талданды.






