Балалар университетін ұйымдастырудың маңыздылығы
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
балалар университеттері, зерттеу жұмысы, креативті ойлау, эмоцияналдық интеллект, икемді дағды, тұлғаАңдатпа
Мақалада KAZCUNET (IRN AR09258554) балалар университетінің желісін құру ғылыми жобасы аясында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері қарастырылған. Жобаның мақсатына сәйкес 3-5 сынып оқушыларының арасында балалар
университетіне қатысты пікірлерін білу мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға Ақмола облысы бойынша 3-5 сыныпта оқитын (8-12 жас аралығында) 683 оқушы қатысты. Жүргізілген зерттеу жұмыстары балалар университетін ұйымдастырудың маңыздылығын айқындайды. Сонымен қатар, балалар университетін ұйымдастыру эмоциянальдық интеллектісін, креативті ойлау дағдысын қалыптастырумен қатар білімге, ғылымға деген қызығушылығын оятуға мүмкіндік беретінін көрсетті.






