Дуальды оқыту жүйесі: кеше және бүгін
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
дуальды жүйе, білім беру, кәсіптік білім, оқыту, маман, теория, практикаАңдатпа
Мақала қазіргі заманғы тиімді білім берудің негізін қалайтын дуальды оқыту жүйесін зерттеуге арналған. Оның мақсаты – дуальды оқытудың негізін анықтау, оның құрылымы мен негізгі компоненттерін сипаттау. Мақалада дуальды оқыту жүйесін зерттеуге, оның педагогикалық әдебиеттердегі анықтамасын нақтылауға және оның құрылымын сипаттауға арналған. Мақалада шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулері, осы оқытудың формалары мен әдістерін анықтауға баса назар аударылған. Зерттеу барысында келесі әдістер қолданылды: бақылау әдісі, жүйелік әдіс, сипаттау
әдісі, талдау әдісі.
Мақаланың жаңалығы - жұмыстың дуальды оқыту жүйесі туралы зерттеулерге сыни түсінік беруінде; дуальды оқыту жүйесі әдісінің мәні ашылады, осы процестің толық сипаттамасы келтірілген. Зерттеу барысында ғылыми нәтижелер алынды; дуальды оқыту жүйесінің түрлері мен әдістері анықталды және нақтыланды.






