Психологиялық трансформациялық ойынның диагностикалық әлеуетін зерттеу нәтижелері


Қаралымдар: 17 / PDF жүктеулері: 5

Авторлар

  • M. Рашид Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Кілт сөздер:

трансформациялық ойын, бейсаналық, өзін-өзі қорғау механизмдері, тұлғааралық қақтығыс, басылған қажеттіліктер, транзакциялық талдау

Аңдатпа

Мақала психологиялық трансформациялық ойынның диагностикалық мүмкіндіктерін зерттеуге арналған. Трансформациялық ойынды жеке терапия, топтық терапия сияқты басқа психологиялық әдістермен салыстырмалы зерттеу. Мақалада сипатталған нәтижелерді алу үшін «Гейша»психологиялық, трансформациялық ойыны қолданылды. Ұсынылған деректер мен кейстер алты ай ішінде алынды. Зерттеулерге ойынға қатысқан 40 әйел қатысты. Ойындарға қатысқан барлық әйелдер аптасына
бір рет зерттеуге, жеке коучингке қатысуды жалғастырды. Бұл мақалада ойынның диагностикалық әлеуеті туралы мәселе қарастырылатындықтан, кейстер тек диагностикалық кезеңде, яғни ойынның өзінде көрсетілген. Зерттеудің кейінгі деректері осы екі әдіске арналған магистрлік диссертацияның негізін құрады: трансформациялық ойын, диагностикалық әдіс және коучинг, клиентпен жеке жұмыс. Мақалада келтірілген кейстер Берн бойынша транзактілік талдауға сәйкес бөлшектелген. Алынған нәтижелер жеке тұлғаның терең қабаттарын зерттеуге қатысты диагностикалық ресурстарды көрсетеді, бұл оны жеке тұлғаны зерттеудің проективті технологиясына жатқызуға және идиографиялық тәсіл әдісі ретінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

17.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Рашид M. . (2023). Психологиялық трансформациялық ойынның диагностикалық әлеуетін зерттеу нәтижелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 135(2), 264–273. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1740

Журналдың саны

Бөлім

Психология