Ағылшын тілін оқытуда аудиовизуалды әдістерді қолдану
Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 4
Кілт сөздер:
аудиовизуалды әдістер, визуализация, аудиовизуалды құралдар, жад, ағылшын тіліАңдатпа
Ақпараттық технологиялардың қарқынды даму дәуірінде шетел тілін оқытудың заманауи көрінісі жаңа қаситтерге ие болады. Қазіргі уақытта технологияның дамуымен шетел тілдерін оқыту әдістері жетілдірілуде. Мұғалімдер оқу процесін жеңілдету үшін әртүрлі аудиовизуальды құралдарды көбірек қолданады. Осы мақаланың мақсаты суреттер, аудиоклиптер, видеороликтер, слайдтар, флипчарттар және басқа аудиовизуалды әдістерді қолдану арқылы жасалған ағылшын тілі сабақтарын талдау негізінде аудиовизуалды әдістерді қолданудың тиімділігін анықтау болып табылады. Авторлар аудиовизуалды әдістерді қолданудың ұтымды тұстарын анықтау үшін эксперимент өткізді. Аудиовизуалды әдістердің артықшылықтары анықталды.






