ЕҰУ мысалында ғалымдардың ғылыми-инновациялық қызметіне педагогикалық жүктеменің әсер ету дәрежесі туралы
Қаралымдар: 14 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
корреляция және регрессиялық талдау, ғылыми басылым қызметі, инновациялық қызмет, оқу жүктемесі, коммерциализацияАңдатпа
Бұл мақала ғылым мен инновация саласындағы инновациялық саясатты жүзеге асыру аясында жоғары оқу орындарының оқытушыларының ғылыми-инновациялық қызметіне педагогикалық жүктеме дәрежесінің әсер ету проблемасына арналған. Авторлар «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ» профессорлық-оқытушылық құрамының қызметін талдау негізінде профессорлық-оқытушылық құрамның оқу жүктемесі деңгейі мен оның ғылыми-инновациялық қызметі арасындағы байланысты анықтады, сонымен қатар Қазақстан ғылымының дамуына арналған сындарлы ұсыныстар берілді.






