Әлеуметтік педагогтардың кәсіби құзіреттілігі: жұмыс берушінің көзқарасы бойынша қалыптасу деңгейі
Қаралымдар: 8 / PDF жүктеулері: 3
Кілт сөздер:
жұмыс беруші, әлеуметтік педагог, респонденттер, құзіреттілік, әлеуметтік педагогикалық білім мазмұнын жаңарту, құқықтық білімАңдатпа
Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі субъектісі - әлеуметтік педагог, оның әлеуметтік функциялары әлі күнге дейін кеңінен талқыланып келеді. Мақалада әлеуметтік педагогтың әлеуметтік-педагогикалық, оқу-тәрбие ісі, мәдени-ағартушылық және ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметі қарастырылады. Мақалада құзыреттілікті қамтамасыз ету мақсатында зерттеу жүргізіліп, жалпы білім беретін мектептердегі әлеуметтік педагогтардың жұмыс берушілерінің сауалнамасы және деректері қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде жұмыс берушілер үшін әлеуметтік педагогтың бірінші кезектегі білімі - кәсіби қызметінің құқықтық негіздерін білу екендігі дәлелденді. Екінші басымдық - әлеуметтік педагог қызметін ұйымдастыра білу.
Осы білімді алуға бағытталған терең теориялық дайындық әлеуметтік педагогтың басқару функцияларын тиімді жүзеге асыруына ықпал етеді. Алынған мәліметтер негізінде 6M012300 «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының білім беру бағдарламаларына құқықтық білім мен басқару дағдыларын ұштайтын кейбір пәндерді енгізу үшін практикалық ұсыныстар ұсынылды. Авторлар студенттердің оқу үрдісіне әлеуметтік педагогқа кәсіби іс-әрекет пен қажетті құзыреттіліктерді алуға көмектесетін «әлеуметтік педагогтың нормативтік құқықтық қызметінің негіздері» және «әлеуметтік-педагогикалық менеджмент» сияқты пәндерді қосуды ұсынады.






