Студент жастардың этникалық толеранттылық ерекшеліктері


Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • Б.Ш. Байжуманова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Кілт сөздер:

студент жастар, толеранттылық, төзімділік, қарым-қатынас, коммуникативтілік төзімділік, этникалық толеранттылық, әлеуметтік толеранттылық

Аңдатпа

Мақалада Нұр-Сұлтан қаласындағы білім ордаларындағы әртүрлі этностағы
студент жастардың коммуникативтілік, этникалық толеранттылық ерекшеліктері қарастырылады. Толеранттылық мәселесіне қатысты теорияларға шолу жасалады. Толеранттылықтың әлеуметтік-психологиялық, этникалық сияқты түрлеріне сипаттамалар келтірілген. Жоғары оқу орнына түскен, түрлі этностардан құралған әлеуметтік топтардағы өзара қарым-қатынас барысындағы әлеуметтік төзімділік феномені жан-жақты қарастырылады. Нұр-Сұлтан қаласының колледж оқушылары мен университет студенттеріне олардың этникалық толеранттылық ерекшеліктерін анықтау мақсатында В.В. Бойконың коммуникативтік төзімділік сауалнамасын және «Толеранттылық индексі» экспресс сауалнамасы жүргізілді. Арнайы психологиялық эксперименттік зерттеулер жүргізу арқылы алынған нәтиже: студент жастардың төзімділік қасиеттері, олардың әлеуметтік ортада өзара тұлға аралық қарым-қатынас көріністеріне қатысты болатыны көрсетеді. Сондай-ақ, студенттердің ұлтқа деген толеранттылығы оның өзінің жеке тұлғалық төзімділік қасиетіне байланысты болатындығын көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Байжуманова , Б. . (2024). Студент жастардың этникалық толеранттылық ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 132(3), 156–162. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1825

Журналдың саны

Бөлім

Психология

Most read articles by the same author(s)