5-11 жастағы балаларда кездесетін психологиялық жарақаттардың белгілері
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
психологиялық жарақат, белгі, ас қорыту бұзылыстары, ұйқының бұзылуы, жағымсыз әдет, ата-ана рөліАңдатпа
Ұсынылып отырған жұмыста авторлар 5-11 жас аралығындағы балалардың түрлі психологиялық жарақат белгілерінің ерекшеліктерін көрсеткен. Зерттеу жұмысына осы жастағы 25 баланың ата-анасы қатысты. Жұмыс жеке формада когнитивті-бихевионалды техниканы қолдану арқылы іске асырылды. Ата-аналармен, балалармен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, әр балаға жеке сабақтардан тұратын, жеке терапия жоспарлары құрастырылды.
Баламен жүргізілген жұмыс ұзақтығы 8 кеңестен, ата-аналармен жүргізілген жұмыс 2 кеңестен асқан жоқ, кей кездері бала мен ата-аналар арасында психотерапиялық жұмыстар жүргізілді. Баламен жүргізілген кездесулер 30 минуттан 1 сағатқа дейін, ал ата-аналармен бір жарым сағатқа созылды. Кездесулер арасындағы үзіліс – 7-10 күнді құрады.
Жұмыс кроссекциялық сипатқа ие. Авторлар 5-11 жас аралығындағы балаларда психологиялық жарақаттың таралуы мен баланың жеке тұлғалық қалыптасуы кезіндегі ата-ана рөлі ерекшеліктерін қарастырған.






