Тұлғаның ұлттық өзіндік сана-сезімі тұлғалық-кәсіби білім ретінде
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
тұлғаның ұлттық өзіндік сана-сезімі, болашақ педагогтың ұлттық өзіндік сана-сезімі, жеке-кәсіби білім беруАңдатпа
Мақалада тұлғаның ұлттық өзіндік сана-сезімін жеке тұлғалық-кәсіби білім ретінде, оның кәсіби міндеттердің сапалы шешіміне ықпалы туралы мәселе қарастырылады. Осыған орай болашақ педагогтардың ұлттық өзіндік сана-сезімін қалыптастыру және оның қалыптасу деңгейінің болашақ педагогтардың кәсіби іс-әрекетіне ықпалының болатыны анықталған, «тұлғаның ұлттық өзіндік сана-сезімі» ұғымына түсінік берілген.
Көпұлтты қоғам жағдайында, оның ішінде, Қазақстан, тұлғаның ұлттық өзіндік сана-сезімін қалыптастыру барлық ұлттарды шоғарландырушы фактор және рухани денсаулықты сақтау болып табылады.
Қазіргі жағдайда тұлғаның ұлттық өзіндік сана-сезімін қалыптастыру қоғамның заман талабына сай өзекті және тұлғаның өзін дамытуға қажетті сұранысқа ие мәселе.
Интеллектуалды және ұлттық өзіндік сана-сезімі жоғары деңгейде қалыптасқан болашақ педагогтарды дайындаудың тәжірибелік қажеттілігі, сонымен қатар, болашақ педагогтардың ұлттық өзіндік сана-сезімін қалыптастырудың кешенді бағдарламасының болмауы зерттеудің негізгі мәселесі және оныңғылыми-тәжірибелік негіздерін құрастырудың қажеттілігі болып табылады.






