Туристік дестинацияның имиджін бағалауда әлеуметтік сауалнаманы қолдану (Алматы мысалында)
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
дестинация имиджі, туризм, туристік дестинация, сауалнама, имиджді қалыптастыру, дестинацияны позицияландыруАңдатпа
Мақалада туристік дестинациялардың бейнесін қалыптастыру және оларды бағалау үшін сауалнамаларды қолдану қарастырылған. Ғылыми әдебиеттерге шолу дестинация имиджінің құрылымының үш негізгі компоненттерін анықтады. Авторлар Қазақстанның ең танымал туристік бағыттарының бірі - Алматы қаласының имиджін бағалау үшін туристерге әлеуметтік сауалнама жүргізді. Сауалнама алдыңғы зерттеулер
мен Интернеттегі Алматы қаласы туралы туристердің шолуларына негізделген. Сауалнамаға 107 респондент қатысты, алынған мәліметтер SPSS бағдарламасын (әлеуметтік ғылымдарға арналған статистикалық пакет)
қолдана отырып өңделді. Жалпы сипаттамалық әдістерден басқа, дисперсиялық талдау және деректердің көп регрессиялық талдауы қолданылды, бұл имидждің қалыптасуы мен туристердің сапарға қанағаттануына әсер ететін негізгі айнымалыларды анықтады. Мақалада туристік практиктерге зерттеу нәтижелерін қолдану бойынша ұсыныстар берілген.






