Қазақстанда өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамытуды әлеуметтік-экономикалық талдау
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
жұмыспен қамту, жұмыссыздық, өнімді жұмыспен қамту, бұқаралық кәсіпкерлік, шағын және орта бизнесАңдатпа
Бұл мақалада Қазақстандағы стратегиялық маңызды міндет ретінде танылатын, өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кəсіпкерлікті дамытудың мəселелеріне әлеуметтік-экономикалық талдау жүргізілген. Әлеуметтану және экономика салалары бойынша ғылыми жұмыстарға шолу негізінде өнімді жұмыспен қамтудың санаты анықталады. Сонымен қатар, салыстырмалы талдау әдісін пайдалану арқылы қоғамдағы жұмыспен қамтудың ағымдағы жай-күйі, шағын және орта бизнесті қолдау жағдайы бағаланады. Жұмыстың қорытынды бөлімінде 2017-2021 жылдарға арналған «Өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын іске асыру кезіндегі мәселелер және олардың шешу жолдары көрсетіледі. Авторлар Қазақстандағы өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыруды
стартап-жобаларды қаржыландыруды жақсарту, халықтың жұмыссыз бөлігін оқыту, сондай-ақ қоғамдағы
кәсіпкерлік идеологиясын кеңінен насихаттаумен байланыстырады.






