Техникалық жоғары оқу орындары студенттерінің өзіндік жұмысы кезінде Edmodo платформасын қолдануы


Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • А.С. Изотова Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
  • М.К. Тулегенова Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Кілт сөздер:

технология, өздігінен білім алу, педагогика, Edmodo платформасы, деңгей, нәтижелілік, тапсырмалар

Аңдатпа

Мақала техникалық университетте «Ағылшын тілі» сабағында технологияларды пайдалануды, олардың педагогикалық қауымдастық үшін артықшылықтары мен кемшіліктерін, жеке оқыту үшін құралдардың кең спектрін қолдану мүмкіндігін талдауға арналған. Кәсіби интернет-қоғамдастықтар білім беру саласындағы қашықтықтан өзара іс-қимылдың тиімді құралдарының бірі болып табылады. Қауымдастықтың желілік мүмкіндіктері кәсіби өзара іс-қимылды ұйымдастыру, білім мен тәжірибе алмасу, кәсіби дағдыларды арттыру және қоғамдастықтың жаңа мүшелерін тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Ағылшын тілін оқыту үшін әлеуметтік желіні пайдалану оқытушылардың студенттермен өзара іс-қимылы
және өзін-өзі дамыту үшін бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын құруға, сондай-ақ оқушылардың шет тілін үйренуге қосымша уәждемесін жасауға көмектесе алады. Қорытындылай келе, ХХІ ғасырда білім беру үздіксіз  жалғасуда және ол кәсіпқойдың мансап қызметіндегі дамуына жол ашады деген болжам жасаймыз. Сондықтан қашықтықтан оқыту жүйесі осы процестің ажырамас бөлігіне айналды. Университетте қашықтықтан оқыту элементтерін пайдалану студенттің өзіндік іс-әрекет дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Өйткені жұмыс іс жүзінде оқытушының қатысуынсыз өтуі мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Изотова A. ., & Тулегенова M. . (2024). Техникалық жоғары оқу орындары студенттерінің өзіндік жұмысы кезінде Edmodo платформасын қолдануы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 130(1), 68–74. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1860

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика