Студенттердің денсаулығын сақтаудағы психологиялық сүйемелдеу мәселелері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • А.З. Тенкебаева С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университеті
  • Г.Б. Иманбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Кілт сөздер:

студенттер денсаулығы, денсаулықты сақтау, психологиялық сүйемелдеу, денсаулықты сақтау технологиялары, психологиялық денсаулық, құндылық, психосоматикалық денсаулық

Аңдатпа

Қоғамдағы әлеуметтік үдерістер адам өмірінің барлық жақтарына, оның ішінде, денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Әлеуметтік наразылықтар адамның дамуын шектейді, психологиялық денсаулықтың дамуында бұзылушылықтар туғызады. Осыған байланысты оны сақтау және психологиялық сүйемелдеу мәселесі өзекті болып табылады. Осыған орай, мақалада студент тұлғасын дамытуға психологиялық қолдау көрсету қажеттілігі, ең алдымен, адамның тұлға ретінде және өзінің жеке өмірлік іс-әрекетінің субъектісі ретінде танылуымен сипатталатын қоғамның жалпы гуманизациясымен байланысты екендігі қарастырылады. Психологиялық сүйемелдеу тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту перспективаларын
бірте-бірте аша отырып, даму заңдылықтарына сәйкес жүзеге асырылатыны талданады. Психологиялық сүйемелдеудің нәтижесінде тұлғаның сыртқы көмектен өзіне-өзі көмектесуге ауысуына, «Мен өзімнің өмірлік қиындықтарымды өзім жеңе аламын» деген өмірлік позициясын қалыптастыруға болады деген қорытынды жасалады.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тенкебаева, А. ., & Иманбекова, Г. . (2024). Студенттердің денсаулығын сақтаудағы психологиялық сүйемелдеу мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 130(1), 190–195. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1874

Журналдың саны

Бөлім

Психология