Гендер бойынша сәйкестендіру жағдайлары


Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • А.З. Тенкебаева С.Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
  • М.Д. Ауренова С.Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Кілт сөздер:

Гендерлік теориялар, биодетерминизм, сәйкестендіру, гендерлік сәйкестілік, маскулинділік, феминділік, андрогиния, гендерлік теңсіздік

Аңдатпа

Қазіргі қоғамдағы жыныстық сәйкестендіру ерекшеліктерін теориялық талдау нәтижелері баяндалды. Аталған мәселе бойынша ғалымдардың тұжырымдамалары қарастырылды. Биодетермизм қағидаларын қарастырған. Осы мәдени-тарихи кезеңде, барлық әлеуметтік институттарды жаңғырту нәтижесінде қазіргі замандағы рөлдердің жыныстық саралануы гендерлік сәйкестендіруді қалыптастыра отырып, өзгерістерге ұшырайды. Маскулинділік пен феминділік мәселелері талқыланып, оның көріністері
берілген. Андрогиния сипаты көрсетілген және де оның тұлға дамуына әсері сипатталған. Эгалитарлық гендерлік рөлдерді ұстанатын әйелдер мен ерлер андрогинналар әлеуметтік ортада өмір сүруге неғұрлым бейімделген. Олар дәстүрлі гендерлік рөлдерді ұстанатын әйелдер мен ерлермен салыстырғанда анағұрлым икемді. Сәйкестендірудің гендер мәселелерімен байланысын қарастырған. Гендерлік сәйкестендірдің жыныстық таптаурындармен байланысындағы жас кезеңдеріндегі ерекшеліктер көрсетілген. Гендерлік таптаурындар мен гендерлік теңсіздік жағдайлары қарастырылған.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тенкебаева, А., & Ауренова, М. . (2024). Гендер бойынша сәйкестендіру жағдайлары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 129(4), 138–144. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1893

Журналдың саны

Бөлім

Психология