Cтуденттерді субъект-бағдарлы психологиялық дайындаудың рөлі мен маңызы


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • А.Р. Ерментаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ж.Қ. Әубәкірова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • М.Д. Әуренова С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Кілт сөздер:

студент, субъект, психологиялық дайындау, субъектілік, психологиялық даярлық

Аңдатпа

Мақалада теориялық талдау, нақтылау, жалпылап, жүйелеу әдістері арқылы студенттерді субъект-бағдарлы психологиялық дайындау анықталады және оның мәндік сипаттамасы талданады.
Студенттерді субъект-бағдарлы психологиялық дайындаудың нәтижелері ретінде субъектілік және
психологиялық даярлық ажыратылып, жіктеледі. Өз кезегінде субъектілік пен психологиялық даярлық күрделі ықпалдасқан, тұрақты тұлғалық құрылым болатыны анықталады. Жоғары мектептегі оқу-кәсіби іс-әрекетті, қарым-қатынасты, өзіндік даму процесін жетілдіру үшін қажетті болатын психологиялық даярлық деңгейлері студенттердің субъектілік ұстанымына негізделетіні дәйектеледі. Психологиядағы бағдар теориясының негізінде студенттердің субъектілігі мен психологиялық даярлығы арасындағы өзара шарттастық болатыны, олардың бір-бірімен тәуелді, байланысты негізде дамитыны қарастырылады. Студенттердi субъект-бағдарлы психологиялық дайындаудың психологиялық білім берудегі; мазмұндық құрылымындағы; өзіндік дамуды жүзеге асырудағы; психологиялық даярлықты деңгейлі дамытудағы; субъектілік ұстанымды психологиялық жолмен арттырудағы; т.б. маңызы тағайындалады.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ерментаева, А. ., Әубәкірова, Ж. ., & Әуренова, М. . (2024). Cтуденттерді субъект-бағдарлы психологиялық дайындаудың рөлі мен маңызы . Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 125(4), 89–96. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1973

Журналдың саны

Бөлім

Психология

Most read articles by the same author(s)