Жеткіншектік жастағы психологиялық дамудың теориялық негіздері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • А.Б. Ибраимова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • А.Р. Ерментаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Кілт сөздер:

Жеткіншек жас теориясы, жеткіншектер матрицасы, рекапитуляция, эпигенетикалық теория, когнитивті даму теориясы, жеткіншектер

Аңдатпа

Мақалада тұлға қалыптасуының ең маңызды кезеңі болып табылатын жеткіншектер жасындағы негізгі теорияларға назар аударылады. Жеткіншектердің психологиялық даму мәселелерін қарастырған шетел және орыс ғалымдарының еңбектеріне, осы кезеңдегі бірқатар психологтар Г.С.
Холлдың рекапитуляция теориясы, Э. Шпрангердің мәдени-тарихи концепциясы, Э. Эриксонның эпигенетикалық теориясы, Ж. Пиаженің когнитивті даму теориясы және т.б. теориялар тарихына шолу жасалып, талқыланады. Мақалада жеткіншектік кезеңге өту барысында баланың жеке дамуына әсер ететін жағдайлардың терең өзгерістері сипатталады. Олар ағзаның физиологиясының өзгеруінен бастап, жеткіншектерде ересек адамдармен және құрдастарымен қалыптасқан қарым-қатынасы, танымдық процестердің дамуы, жаңа қызығушылықтардың пайда болуы, жеткіншек жастағы интеллектуалды даму, «ересектік сезімнің» пайда болуы, өзіндік «Меннің» ашылуы және т.б. өзгерістер. Мақала соңында жеткіншек жастың
негізгі теорияларына жалпы қорытынды жасалған.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ибраимова, А. ., & Ерментаева, А. . (2024). Жеткіншектік жастағы психологиялық дамудың теориялық негіздері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 130(1), 159–167. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1871

Журналдың саны

Бөлім

Психология

Most read articles by the same author(s)