Студенттердегі психологиялық даярлықтың құрылымы
Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
Студент, психологиялық дайындау, психологиялық даярлық, психологиялық сауат, психологиялық құзірет, психологиялық мәдениетАңдатпа
Мақалада ЖОО тұлғалық білім беру және субъект-бағдарлы психологиялық даярлаудың интегративті күрделі, студенттердің психологиялық даярлығы анықталды және талданды; ЖОО психологиялық даярлықтың деңгейі қарастырылды; психологиялық сауатылықтың, психологиялық құзіретіліктің және психологиялық мәдениеттің деңгейі анықталды.
Психологиялық дайындау мен субъектілік мәселесіне орай отандас және шетелдік ғылымдағы жетекші
тұрғылар талданып, студенттерді субъект-бағдарлы психологиялық дайындау жүйесін құру мен жүзеге
асырудың теориялық-әдіснамалық негіздемесі жасалды.
Еңбекте студенттерді субъект-бағдарлы психологиялық дайындау тұжырымдамасы дәйектелді. Психологиялық даярлық құрылымдық қасиет ретінде анықталып, оның құраушылары, деңгейлері және көрсеткіштері зерттелді. Студенттердің психологиялық даярлық пен субъектілік деңгейлерінің өзара шарттастығы мен байланысы тұжырымдалды. Оның тиімділігін арттыру факторлары нақтыланып, студенттердің психологиялық даярлық пен субъектілікті өзара шарттастықта деңгейлі дамыту технологиясы жобаланды. Субъект-бағдарлы психологиялық дайындау жүйелік тұрғыдан талданып, құраушылары бойынша сипатталды. Студенттердің субъектілік және психологиялық даярлық деңгейлерін таныту мен дамытудың маңызды заңдылықтарын ашты.






