Студенттік кезеңдегі тұлғалық даму
Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
студенттік шақ, тұлға, сензитивті кезең, биогенетика, социогенетика, психогенетикаАңдатпа
Мақалада студенттік кезеңдегі тұлғалық дамуының ерекшеліктері қарастырылады. Тұлғалық дамудың психология ғылымдарындағы анықтамалары мен мән-мағынасы, әдіснамалық негіздері мен теориялары, көрсеткіштері мен өлшемдері анықталып, мазмұндалды. Студенттердің
психологиялық дамуының басты шарты – тұлғалық іс-әрекеттің маңызы мен мазмұны, құрылымы мен сипаты, психологиялық заңдылықтары мен механизмдері талданды. Мақалада тұлғаның теориялық негізі, мәні, сонымен қатар тұлғалық дамуға әсерін қарайды. Психолог-педагогтардың
әдебиеттеріне талдау жасалды.
Студенттердің жас ерекшеліктеріне байланысты тұлғалық, когнитивтік, аффектік даму салалары қарастырылды. Сонымен қатар олардың басты шарты болатын оқу-кәсіби іс-әрекеттің анықталынуы, құрылымдары мен өзгешеліктері туралы білімдерді біртұтас жүйе ретінде сипатталды.
Аталмыш мақалада студенттердің тұлғалық даярлығы олардың оқу-кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыруының, жетілдіруінің, психикалық және тұлғалық дамуының негізі ретінде тұжырымдалды.






